Айдарбаев Алик Серікұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

Алик Айдарбаев 1963 жылы туылған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Алик Айдарбаев техника ғылымдарының кандидаты, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры. Мәскеудегі РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының MBA дәрежесіне ие. Әртүрлі жылдары «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кейін компанияның атауы «Торғай Петролеум» ЖАҚ деп өзгертілді), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы қызметтерді атқарды.

2011 мен 2013 жылдар аралығында дейін – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры. Маңғыстау облысының әкімі болды (2013-2017 жылдар), 2017 жылдан 2018 жылға дейін ҚР инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі қызметін атқарған.