Нил Лонгфэллоу

Тәуелсіз директор*

Нил Лонгфэллоу 1958 жылы туылған, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның азаматы болып табылады.

Лонгфэллоу мырза инженер-электрик және Өлшеу және бақылау институтының мүшесі болып табылады. Ол еңбек жолын Ұлыбританияда электротехника саласында бастаған.

1991 жылы British Nuclear Fuels Limited компаниясына қосылып, Батыс Камбриядағы Sellafield ядролық отынды қайта өңдеу зауытында жетекшілік етіп, 2007 жылы басқарушы директор орынбасары болып тағайындалды.

2009 жылы Нил Лонгфэллоу Westinghouse Electric компаниясына қосылып, Springfields Fuels Limited басқарушы директоры және Еуропалық отын бизнесінің вице-президенті ретінде лауазымдар атқарды.

2013 жылы Лонгфэллоу мырза Costain PLC қосылып, Ұлыбританияда ядролық, мұнай-газ секторындағы ірі жобаларды іске асыратын директор болып қызмет атқарды.

2015 жылдан бастап Лонгфэллоу халықаралық атом өнеркәсібі секторында тәуелсіз консалтинг қызметін көрсетеді.

* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережесінің Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптарына сәйкес келеді.