Расселл Бэнхам

Тәуелсіз директор*

Расселл Бэнхам 1954 жылы дүниеге келген Австралия азаматы.

Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің коммерция бойынша бакалавр дәрежесіне ие. Ол Австралия мен Жаңа Зеландияның Дипломды бухгалтерлер институтының мүшесі және Австралия директорлар институтының түлегі.

Еңбек жолын 1974 жылы Австралияның Andersen компаниясында аудитор ретінде бастады, ол жерде 2002 жылға дейін жұмыс істеп, Аудиторлық серіктес дәрежесіне дейін жетті. 2002 - 2007 жылдары Австралияның Брисбен қаласындағы Ernst and Young компаниясында кеңісші қызмет бөлімінің бастығы. 2007 жылы Бэнхам мырза Deloitte CIS аудит қызметінің басшысы және Алматы қаласындағы «Deloitte CIS» атқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

2011 - 2014 жылдары аралығында Мәскеудегі Deloitte CIS компаниясының «Энергетика және ресурстар» бөлімінің меңгерушісі.

2014 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі әртүрлі компаниялардағы тәуелсіз директор.

* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережесінің Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптарына сәйкес келеді.