Искаков Дәуіржан Мұхамеджанұлы

Бас Директор

Функционалдық міндеттері:

«РУ-6» ЖШС-нің (бұдан әрі - Серіктестік) қызметін  басқарады. Ұйымның өндірістік стартегиясын дайындап, іске асырады. Өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді. Кадр саясатын айқындайды.

Бас директордың орынбасарлары қызметін, Бас директорға тікелей бағынатын бөлімдер мен мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қызметін үйлестіреді және бақылайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарында серіктестіктің мүддесін білдіреді.

 Алматы энергетика және телекоммуникациялар институтын «Электр жетек және технологиялық жүйелерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген. Алматы энергетика және байланыс институтының аспиранты.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК »АҚ филиалының №6 кен өндіру бөлімі желілер мен қосалқы станцияларының учаскесінің ЭТЖ шебері ретінде бастаған.

Өндіріс бөлімінің басшысы, «Шиели-Энергия Сервис» ЖШС директоры қызметтерін атқарған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорынның «Қызылқұм» ЖШС-де өндірістік-техникалық басқарманың бас энергетигі болған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндірістік департаментінде басшы, механика бөлімінің басшысы және менеджері болып жұмыс істеген.

 2019 жылдың ақпан айынан бастап 2020 жылдың мамыр айы аралығында  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны «Уранэнерго» ЖШС-нің Бас директоры болып қызмет атқарған.

2020 жылдың  маусым айынан бастап «РУ-6» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды.