Біз туралы

«Кен басқармасы-6» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары құрылымына кіреді.

Құрылтайшысы: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.

«РУ-6» ЖШС ашық атауы бар кәсіпорын 1983 жылдың 1 қаңтарында КСРО  орта машина салу министрінің бұйрығымен Қазақ КСР-ң Қызылорда облысы Шиелі кентінде құрылды.

ТОО «РУ-6»  ЖШС Қызылорда облысының «Солтүстік Қарамұрын» және «Оңтүстік Қарамұрын» кен орындарында уран өндіруді жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен өндіріп, алқашқы өңдеу жүргізумен айналысады.