Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары
Шаванда Владимир Владимирович-«№6-КБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
1962 жылы туылған,білімі-жоғары.
1985 жылы Красноярск түсті металдар институтын «түсті металдар металургиясы»
мамандығы бойынша бітірген.біліктілігі «инженер-металлург».
Енбек өтілін 1985 жылы Ачинск глинозем комбинатында гидрохимия цехының
,ағынды сілтілеу бөлімінің ауысым мастері болып бастаған.
1989 жылдан бастап -«№6-КБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
өнімді ерітінділерді өңдеу учаскасының ,қысқаша ӨЕӨУ,технологы болып жұмыс істеді.
1990-1992 жылдары – «Қарамұрын» цехының өнімді ерітінділерді өңдеу учаскасының басшысының орынбасары, өнімді ерітінділерді өңдеу учаскасының басшысы
1998-2006 жылдары «Қарамұрын» цехының басшысы
2006 жылдан 2016 жылдың 27 сәуіріне дейін -«№6-КБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директорының бірінші орынбасары/бас инженер
2016 жылдың 28 сәуірінен осы күнге дейін -«№6-КБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
Тәжірбиелі,білімді басшы,білікті маман.Жыл сайын металды өндіру мен өңдеу жоспары орындалады.
экономикалық тиімділігі 100 млн асатын көптеген рационализаторлық ұсыныстардың авторы, «Казатомпром» АҚ өткізетін ғылыми-техникалық
конференциялардың қатысушысы.
Жаңа технологиялар мен техниканы өндіріске енгізушілердің алдыңғы қатарында.
Жас мамандардың жетекшісі.
2001 жылы Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне орай «Казатомпром» АҚ
Құрметті грамотасымен марапатталды.
2007 жылы «Қазақстан Республикасының атом саланың еңбек сіңірген қызметкері»
төс белгісімен марапатталды.
2008 жылы «Рационализатор ГРК» естелік төс белгісімен марапатталды.
Жеті өнертабысқа патенттің иесі. «Казатомпром» АҚ өткізетін халықаралық ғылыми-техникалық конференциялардың қатысушысы.
2013 жылы -«№6-КБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 30 жылдық мерей тойына орай 3 дәрежелі «Шахтерская слава» төс белгісімен марапатталды.
2014 жылы мемлекеттік «Құрмет » орденімен марапатталды.