Қазатомөнеркәсіп инвесторлармен кездесіп, уран өнімін жеткізіп беру жөнінде испандық атом-энергетикалық компаниясымен келісімге қол жеткізді

2019 жылғы 14-16 мамыр күндері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның делегациясы Барселона қаласында (Испания) өткен BAML Global Metals, Mining & Steel Conference халықаралық конференциясына қатысып, қазіргі акционерлерімен және әлеуетті халықаралық институционалдық инвесторлармен кездесулер өткізді. Шара аясында Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов инвесторларды Компания қызметінің көрсеткіштерімен және стратегиясымен таныстырды. Панельдік сессия барысында Қазатомөнеркәсіптің Стратегия және маркетинг жөніндегі бас директоры Риаз Ризви уран нарығының ағымдағы нарықтық жағдайы туралы хабарлады.

Бұдан бөлек, Қазатомөнеркәсіп АЭС-ке арналған отын сатып алуға, өндіруге және тасымалдауға маманданған Испанияның ENUSA INDUSTRIAS AVANZADAS, S.A., S.M.E. мемлекеттік компаниясымен уран өнімін жеткізу жөніндегі келісімге қол жеткізді. Бұл келісім атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қазақстан-испан ынтымақтастығын дамыту тұрғысынан маңызды мәнге ие.

Осылайша, Қазатомөнеркәсіп өз келісімшарттар қоржынының географиясын кеңейтуді жалғастырып, уран өнімдерін өткізудің жаңа нарығына шығады. Айта кету керек, бұл 2018 жылы Швеция және Бразилия компанияларымен болған алғашқы коммерциялық келісімдер қатарында испандық атом-энергетикалық компаниясымен жасалған алғашқы келісім.

Байланыс үшін ақпарат

Инвесторлармен өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті

Торғын Мұқаева
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pratkazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatompromatpowerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz интернет-ресурсында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2018 жылы уранды жиынтық әлемдік бастапқы өндірудің 23% мөлшеріндегі қатысу үлесіне тең табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топ аталған салада уранның ең ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріккен және жер асты ұңғылап шаймалау технологиясын қолданатын Қазақстан Республикасының аумағындағы 26 кен орнын игеруде.

Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде Қазатомөнеркәсіп әлемдік уран өндіру саласындағы барлық жетекші ойыншылармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Топтың негізгі клиенттері – атом өндіретін қуаттардың операторлары, ал Топтың өнімі үшін негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ ұзақ мерзімді келісімшарттар, қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей өзінің штаб-пәтерінен немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы ТНК арқылы уран және уран өнімдерін сатады.

Толығырақ ақпарат біздің жаңартылған интернет-ресурсымызда: www.kazatomprom.kz

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

Осы құжатта қамтылған болжамдарға қатысты ақпарат болашақ оқиғалар туралы бірқатар болжамдарға негізделеді және айтарлықтай экономикалық және бәсекелі белгісіздікке және басқа да жағдайларға ұшырайды, олардың ешқайсысы сенімділікпен болжана алмайды және олардың кейбіреулері компанияның бақылауынан тыс жерде болады. Болжамдар іске асырылатынына ешқандай кепілдік бола алмайды және нақты нәтижелер көрсетілгеннен жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Компанияның ешқайсысы - оның акционерлері де, директорлары да, лауазымды тұлғалары да, қызметкерлері да, консультанттары да, үлестес тұлғалары немесе жоғарыда аталған қандай да бір өкілдері немесе үлестес тұлғалары - осы құжатта ұсынылған болжамдардың дәлдігі үшін жауапты болмайды.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.