«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Компания») DTR 4.3 A сәйкес компания және оның еншілес кәсіпорындары мемлекеттерге 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде және 2015 жылғы желтоқсанда енгізілген өзгерістермен 2014 жылғы мемлекеттердің пайдасына төленген төлемдер бойынша есептер туралы Ұлыбританияның ережелеріне сәйкес қажетті есептік ақпаратты ұсынатыны туралы хабарлайды.
Елдер бойынша 2018 жылғы есеп (млн теңгемен берілген)
|
Төлем түрі |
||||||
Үкімет (мемлекет): |
КТС |
ПҚӨС |
Бонустар |
ҮПС |
Инфрақұрылымдыжақсарту үшін төлемдер |
Өзге |
Барлығы |
Қазақстан |
30,652 |
17,994 |
153 |
5,597 |
939 |
4,937 |
60,272 |
Мемлекетке жасалған төлемдер бойынша 2018 жылғы есеп (млн. теңгемен берілген)
|
Төлем түрі |
||||||
Мемлекеттік орган |
КТС |
ПҚӨС |
Бонустар |
ҮПС |
Инфрақұрылымды жақсарту үшін төлемдер |
Өзге |
Барлығы |
Үкімет (әкімдіктерді қосқанда)1: |
|
|
|
|
939 |
|
939 |
Мем. кірістер департаменті |
30,652 |
17,994 |
153 |
5,597 |
|
4,937 |
59,333 |
ЖИЫНЫ |
30,652 |
17,994 |
153 |
5,597 |
939 |
4,937 |
60,272 |
1 2018 жылы IPO-ға шығу проспектісінде жарияланғандай бұл төлемдерден басқа, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Түркістан қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру үшін «Құрылыс салуға арналған Компания» коммерциялық емес корпоративтік қорына 2 000 млн. теңге төледі.
Компаниялар бойынша 2018 жылғы есеп (млн теңгемен берілген)
|
Төлем түрі |
||||||
Компания |
КТС |
ПҚӨС |
Бонустар |
ҮПС |
Инфрақұрылымды жақсарту үшін төлемдер |
Өзге |
Барлығы |
ҚазатомөнеркәсіпҰАК АҚ |
13,012 |
7,909 |
147 |
5,597 |
591 |
1,360 |
28,616 |
Инкай БК ЖШС |
4,121 |
3,192 |
|
|
11 |
1,245 |
8,569 |
Қаратау ЖШС |
4,922 |
1,326 |
|
|
45 |
439 |
6,732 |
Ақбастау БК АҚ |
3,549 |
1,724 |
|
|
186 |
150 |
5,609 |
Орталық ӨК ЖШС |
2,808 |
2,175 |
6 |
|
70 |
930 |
5,989 |
Әппақ ЖШС |
1,611 |
1,668 |
|
|
36 |
365 |
3,680 |
Қазатомөнеркәсіп-Sauran ЖШС |
417 |
|
|
|
|
349 |
766 |
КБ-6 ЖШС |
212 |
|
|
|
|
99 |
311 |
ЖИЫНЫ |
30,652 |
17,994 |
153 |
5,597 |
939 |
4,937 |
60,272 |
Төлемдер санаты
Есеп Қазақстан бюджетіне (ақшамен) төленген салық және төлемдер сомаларының негізінде жасалды. Ақпарат келесі төлем түрлері бойынша бөлінген:
Корпоративтік табыс салығы (КТС).
Резидент еместердің табыстарынан ұсталған корпоративтік табыс салығынан басқа, корпоративтік табыс салығы.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС).
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералдық шикізаттың әрбір түрі бойынша жеке-жеке міндетті төлемі болып табылады.
Бонустар - коммерциялық табу бонусы, қол қойылатын бонус.
Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде келісімшарттық аумақта пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында табу үшін төлейді.
Бұл төлем 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы және Салық кодексін өзгерту шеңберінде жойылды.
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонусты жер қойнауын пайдаланудың жаңа құқығын әрбір алу және пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасу кезінде, сондай-ақ келісімшарттық аумақты кеңейту кезінде төлейді.
Үстеме пайда салығы (ҮСП).
Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы салық төлеуші болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салық кезеңі үшін есептеледі.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасын өзгерту шеңберінде ССП көмірсутегін өндіруге арналған келісімшарттар үшін әрекет етеді және тиісінше уран өндіруге арналған келісімшарттар үшін алып тасталды. НСП бойынша төлемдер 2017 жылға 2018 жылы жүргізілген төлемдер болып табылады.
Инфрақұрылымды жақсарту үшін төлемдер
Инфрақұрылымды жақсарту үшін төлемдер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған шығыстарды (жергілікті атқарушы органдардың пайдасына төлемдерді қоса алғанда) білдіреді.
Басқалар
Өзге салықтар тарихи шығындар, әлеуметтік салық, мүлік, жер және көлік салығы төлемдерін құрайды және пайда мөлшеріне әсер етпейтін қосылған құн салығы мен акциздерді қамтымайды.
Қосымша ақпарат алу үшін сіз хабарласыңыз:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы
Тел: +7 7172 45 81 69
Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: prkazatomprom.kz
Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprompowerscourt-group.com
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде, топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар болып табылса, топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.