Хабарландыру
"РУ-6" ЖШС 13.08.2019 ж., сағат 11:00 сауда-саттықтың Ағылшын тәсілімен аукцион өткізеді.
Сауда - саттықты ұйымдастырушының орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл шатқалы, №3 Құрылыс, "РУ-6" ЖШС кеңсесі (бұдан әрі мәтін бойынша – сауда-саттықты өткізу орны):
- Лот №1 қара металл қалдықтары – 60000 кг.;
- Лот № 2 түрлі-түсті металл қалдықтары мыс – 668 кг.:
- Лот № 3 түрлі-түсті металл қалдықтары алюминий – 125 кг.
Сауда-саттықтың әлеуетті қатысушысы сатылатын активпен 29.07.2019ж.– 02.08.2019 ж. аралығында сауда-саттық өткізу орны бойынша таныса алады:
- Лот №1 бастапқы бағасы 1 722 000 тнг., бағаның өзгеру қадамы 86 000 тнг.;
- Лот №2 бастапқы бағасы 828 320 тнг.; бағаның өзгеру қадамы 41 400тнг.;
- Лот №3 бастапқы бағасы 33 750 тнг.; бағаның өзгеру қадамы 1 600 тнг.
Сауда-саттыққа ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып табылады:
- №1 лот бойынша кепілдік жарнаның мөлшері – 86 000 теңге;
- №2 лот бойынша кепілдік жарнаның мөлшері – 41 400 теңге;
- №3 лот бойынша кепілдік жарнаның мөлшері – 1 600 теңге.
Кепілдік жарнаны төлеу үшін банк деректемелері: БСН-060 440 002 000, БИК-HSBKKZKX, ЖСК KZ126010201000143141, КБЕ 17, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ҚФ».
Саудаға қатысуға өтінім сауда-саттық өткізу орнында 07.08.2019 ж. сағат 17:00-ге дейін берілуі тиісті.
Саудаға қатысу өтінім үлгісі www.ru6, kazatomprom.kz веб-сайтта орналастырылған. Байланыс тел: 8 (72432) 7-94-19.
Тасымалдау, дайындау, тиеу және басқа да ауыртпалықтар сатып алушының есебінен жүргізіледі.
Саудаға қатысушы ретінде тіркелу үшін қажетті талаптар:
1. Жеке тұлғалар үшін:
- төл құжаттың (паспорттың) немесе жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- банктік шот көрсетілген анықтаманың түпнұсқасы;
- металл қалдықтарын дайындауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыруға рұқсат беру құжаты (лицензия).
- Заңды тұлғалар үшін:
- нотариалды куәландырылған Жарғының көшірмесі (енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен);
- нотариалды куәландырылған Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелімі туралы куәлігі немесе арнайы веб-сайтка сілтеме;(www.e.gov.kz)
- нотариалды куәландырылған Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтер бар анықтама немесе құрылтай құжаттарының көшірмелері;
- банктік шот көрсетілген анықтаманың түпнұсқасы;
- кепілдік жарнаның төленгендігі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- өкілеттілікті куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
- заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (лот бойынша қалдықтың түріне сәйкес);
- заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері консорциум туралы қужаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Бас директорының орынбасары Сулейменов Б.М.