Алматы қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның XVІII Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында компания басшысы Ғалымжан Пірматов қатысушылар мен жанкүйерлерді холдингтің басты спорттық іс-шарасының сәтті аяқталуымен құттықтап сөз сөйледі.
«Спартакиада барысында әріптестермен қарым-қатынас орнатып, компанияның соңғы жаңалықтарын талқылауға мүмкіндік алдық. Бұндай іс-шаралар компания үшін аса маңызды, себебі спорт қызметкерлерді жұмылдырып, корпоративті рухты нығайтады. Компания құндылықтарының бірі «команда» болуы бекер емес. Бүгін мен сіздердің рухтанған, жігерлі, көңілді күйлеріңізді көруге қуаныштымын! Барлық командалар спорттық дайындықтарын шыңдап, мықты нәтижелер көрсетті. Келешекте де жаңа жеңістерге жете берейік!», - деп атап өтті Ғалымжан Пірматов.
Атомшылардың дәстүрлі спорттық шарасына компанияның 800-астам қызметкері қатысты. 22 команда 9 спорт түрі бойынша додаға түсіп, мықтыларды анықтады.
1 орын мен чемпион атағын «ҮМЗ» АҚ жеңіп алды, 2 орынға «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, 3 орынға «СКК» ЖШС спортшылары жайғасты.
Салтанатты іс-шара үздік спортшылар мен командаларды марапаттау рәсімімен аяқталды. Спорттық сайыстар жеңімпаздарына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның XVІII Спартакиадасының кубоктары мен медальдары табыс етілді.
Толығырақ фоторепортаж Facebookта