«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») осымен China General Nuclear Power Corporation («CGNPC») және оның еншілес кәсіпорындары CGNPC Uranium Resources Company Limited («CGNPC URC») және CGN Mining Company Limited («CGN Mining») ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы 2014, 2015 және 2016 жылғы келісімдерге қатысты жаңартылған ақпаратты хабарлайды. Келісімдер туралы толығырақ ақпаратпен Компанияның 2018 жылғы IPO проспектісінде танысуға болады.
Осы келісімдерге сәйкес тараптар Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан, жобалық қуаты жылына 200 тонна уран металының эквивалентін құрайтын жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) шығаратын зауыт салу бойынша «Үлбі-ЖБҚ» бірлескен кәсіпорнын құрды. Келісім «Үлбі-ЖБҚ» зауытынан 20 жыл ішінде ЖБҚ түрінде жылына 200 тонна уран металының баламасын (барлығы 4 000 тонна уран металының баламасын) сатып алу бойынша CGNPC URC міндеттемесін көздейді. Компания және CGNPC компаниясы «Үлбі-ЖБҚ» ЖБҚ жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша URC CGNPC-тен бірінші тапсырысты алған жағдайда, Компания тәуелсіз бағалауға сәйкес (процесте) айқындалатын нарықтық жағдайларда өзінің 100% еншілес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі үлесінің 49%-на дейін CGNPC-ге немесе оның үлестес компаниясына сатады деп келісті.
«Үлбі-ЖБҚ» зауытын пайдалануға берудің соңғы кезеңдеріндегі Covid-19 пандемиясынан туындаған кідірістерге қарамастан, жұмыс қайта басталып, 2020 жылы ЖБҚ өндіру зауытын пайдалануға беруге мемлекеттік лицензия алынды. Ағымдағы сертификаттау және өндірістік жоспарлар шеңберінде және қосымша кідірістер болмаған жағдайда, 2021 жылдың соңына қарай алғашқы ЖБҚ өндірісі басталады деп болжануда, ал тапсырыс берушіге ЖБҚ-ның алғашқы сертификатталған партиясын жеткізу 2022 жылы жоспарланып отыр. CGNPC URC-тің ЖБҚ сатып алу бойынша міндеттемелеріне келетін болсақ, «Үлбі-ЖБҚ» және CGNPC URC арасындағы ЖБҚ жеткізуге арналған бірінші бесжылдық келісімшарт 2020 жылдың желтоқсанында жасалды және тиісті құзыретті органдардың бекітуіне жатады. «Орталық» ӨК» ЖШС-нің 49% үлесін CGNPC немесе оның үлестес компаниясының пайдасына өткізу жөніндегі келесі мәміле 2021 жылғы 30 маусымға дейін аяқталады деген болжам бар (қажетті корпоративтік және үкіметтік рәсімдерден өткен жағдайда).
«Орталық» ӨК» ЖШС-дағы үлесті сату жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін Қазатомөнеркәсіп өз үлесінің 51%-ын сақтап қалады, ал CGNPC немесе оның үлестес компаниясы осы кәсіпорында қатысу үлесінің 49%-ын сатып алады, бұл ретте серіктестер «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі өзінің қатысу үлесіне барабар көлемде уран сатып алуды жүзеге асыратын болады.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), IR ж PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мукаева, IR ж PR департаменті директорының орынбасары
Тел: +7 7172 45 80 63 Email: prkazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. Компания 2019 жылы табиғи уран өндірісі бойынша әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24%-ын құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынға ие. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz
China General Nuclear Power Corporation компаниясы туралы
CGNPC ядролық отын, инженерлік дизайн, технологиялық зерттеулер мен әзірлемелер, инженерлік құрылыс және өндірісті қоса алғанда, ядролық энергетиканың өндірістік тізбегінің негізгі компоненттеріне кәсіби қызмет көрсетеді. 2019 жылдың аяғында CGNPC Қытайдағы ең ірі атом станциясының операторы болды, әлемдегі ең ірі операторлардың бестігіне кірді және әлемдегі ең ірі атом электр станцияларын салатын компания болды. CGN тобына кіретін CGN Power компаниясы (01816.HK) ядролық энергия өндірумен ғана айналысатын әлемдегі жалғыз жария компания.
«Орталық» ӨК» ЖШС
«Орталық» ӨК» ЖШС – Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны, Орталық Мыңқұдық кен орындарында 100% үлеске ие және «Жалпақ» кен орнында барлауды және сынамалы пайдалануды (өндіруді) жүзеге асырды, оның жиынтық минералдық ресурстары JORC-ке сәйкес шамамен 40 413 тонна уранды құрайды (2019 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет). «Мыңқұдық» кен орнының жобалық қуаты және жылына 2000 тонна уран өндіру үшін қолданыстағы жер қойнауын пайдалану туралы келісімі бар (қазіргі уақытта өндірістік қуаты Компанияның нарықтық стратегиясына сәйкес рұқсат етілген қуаттан 20%-ға төмен). Жалпы кен орнының өндірістік қуаты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану туралы келісімшартты келісу шеңберінде ҚР Үкіметімен келіссөздер қорытындылары бойынша айқындалатын болады.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.