Директорлар кеңесі мүшелеріне, Басқарма мүшелеріне және басқарушы қызметкерлерге сыйақы төлеу

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен Қоғам Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы төленеді және өз қызметтерін орындауға байланысты жұмсаған шығындарының орны толтырылады. Мұндай сыйақылар мен өтемақылардың мөлшері Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен белгіленеді.

Қоғамда белгіленген тәртіпке сәйкес Директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу тек Қоғамның директорлары кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне және тек -мына мазмұнда белгіленген:

  • жылдық тиянақталған сыйақы;
  • комитеттің әрбір бетпе-бет өткен мәжілісі жұмысына қатысқаны үшін қосымша сыйақы;
  • Директорлар кеңесі және Қоғам Директорлар кеңесі комитетінің отырыстарына баруға байланысты шығындардың орнын толтыру.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақы сомасы:

  • 2014

    22 609 мың теңгені (салық пен өзге де міндетті төлемдерді есептен алғанға дейін) құрады.

    Тәуелсіз директор

    2014 жылға (мың теңге)

    Рамазанов Т.С.*

    1 284

    Арсланова З.Ф.

    8 400

    Спицын А.Т.

    12 925

  • 2013

    15 200 000 теңгені (салық пен өзге де міндетті төлемдерді есептен алғанға дейін) құрады.

    Тәуелсіз директор

    2013 жылға (теңге)

    Рамазанов Т.С.*

    7 600 000

    Арсланова З.Ф.

    7 600 000

  • 2012

    2 918 400 теңгені (салық пен өзге де міндетті төлемдерді есептен алғанға дейін) құрады.

    Тәуелсіз директор

    2012 жылға (теңге)

    Саденов М.А.**

    175 800

    Рамазанов С.М.**

    325 800

    Рамазанов Т.С.

    1 183 800

    Арсланова З.Ф.

    1 233 000

Директорлар кеңесінің мүшелері қандай да жеңілдіктерді немесе басқа да сыйақыларды алмайды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-та Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар лимиты жоқ, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары түріндегі сыйақылар да көзделмеген.