Мекемедегі әлеуметтік тұрақтылық-жоғарғы өндірістік көрсеткіштер кепілі
№6 Кен басқармасында еңбек ұжымы ішінде ғана емес,сонымен қатар өздері еңбек ететін
аймақ ішінде де әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінеді.
Әлеуметтік мәселелермен Бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Сулейменов Болат Мулланазарұлы айналысады.
Жақында біз онымен және қызметшілермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы Адырбекова Салтанат Зәкірқызымен кеездесіп,олардан осы әлеуметтік мәселердегі мекемеме дегі істелінген жұмыстар мен алда қойган жоспарларымен бөлісуді сұрадық.
Біз №6 Кен басқармасының өндірістік қызметкерлеріне әлеуметтік-еңбек жағдайларын жасау біздің жасап жатқан қызметіміздің ең маңызды белгісі екенін түсінеміз.
Бұл мәселеге біздің кәсіпорынға жасаған жұмыстық сапарында « НАК Казатомпром» АҚ
Басқарма төрағасы Жумагалиев А.К мырза да басты назар аударған болатын.
Тәуелсіз эксперттер біздің мекемеде әлеуметтік тұрақтылықты анықтайтын мониторинг жүргізген болатын.
Нәтиежесінде анықталғандай, №6 Кен басқармасының 2015жылғы әлеуметтік тұрақтылық
рейтингісі 79 % болды,бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2% ке жоғары.
Өткен жылдармен салыстырғанда рейтинг тұрақты түрде өсуде,бекітілген шкала бойынша
«орташадан жоғары» деңгейіне сәйкес.
Көптеген көрсеткіштер бойынша нәтиежелер айтарлықтай жақсарды.
мысалға,әлеуметтік көңіл күй индексі өсіп келеді,2013жылдан бастап 8 процентке өсті,қндірістік персоналдың тратылу индексі 2015 жылы 3 процентке өсіп./73 процентке дейін/ позитивті зонада тұрақтанды.
Өндірістік персоналдың қанағаттану индексі мен бастаманы қолдау индексінің көрсеткіштерінің өсу үрдісі сақталуда.
Тыныштық индексі айтарлықтай нығайды,2013 жылғы 58% тен 2015 жылы 67% ке дейін өсті.
Сонымен, №6 Кен басқармасының әлеуметтік даму индексі басқа жылдармен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін жақсартып келеді,99%--бұл мекеменің әлеуметтік дамудағы шынайы жетістіктерінің айғағы.
Қызметкелердің өмір сүру деңгейін арттыру үшін оғ өзгерістер жасау,еңбек ұжымында
әлеуметтік тыныштық жасау үшін,әлеметтік денсаулық сақтау және қызметкердің қызығушылығын туғызу үшін іс шаралар жүргізілді және жүргізіліп жатыр.
Олардың кейбірлерін атап өтелік,мысалға 2015 жылдың 4 кваталынан бастап жұмыскерлерге айлық табастың индекцасиясы 4% көлемінде төленіп жатыр,ал ең мәртебелі жұмыскерлерге мемлекеттік және кәсіби мейрамдарға ақшалй сыйлықтар беріледі.
Сонымен қатар 2017 жылғы бюджетінде төленетін әлеуметтік төлемдердің шамасын
көтеру мәселесі қаралып жатыр,ал 2016 жылдың сәуір айынан бастап қызметкерлердің айлық табысы 20% ке көтерілді.
Білікті мамандарды өндірісте шоғырландыру мақсатында оларга ведомоствалық
үй-жай беріледі, үстеме және қосымша алымдарды белгілеу арқылы қаржылық ынталандыру жүргізіледі.
2016 жылдың соңына дейін душевойларды толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіледі,
Сонымен қатар сапалы арнйы киімдер мен дербес қорғау құралдарын сатып алуға көңіл бөлінеді.
«ТТК-Казатомпром» жшс мкекмесімен бірлесіп жұмыскерлерді автотранспортпен қамтамасыз етуді жақсарту жұмыстары үнемі жүргізіледі.
Осы бағытта мекемеде істелініп жатқан барлық жұмыстар бірінші ретте еңбек ұжымындағы әлеуметтік көңіл күйдің жақсаруына және өндірістік көрсеткіштердің жақсаруына әсер етеді.
Сондықтан біздер бұл жұмыстарды бұдан әрі де жүргіземіз әрі әрман қарай да дамытамыз.