«№6 Кен Басқармасы» ЖШС «Мансап» бөліміне қош келдіңіздер!

 «№6 Кен Басқармасы» ЖШС-і біздің аймақтағы бірінші уран өндіруші компания болып табылады. Өзінің алғашқы жылдарынан бастап кәсіпорын металл өндіруді жүйелі түрде ұлғайтты, қуатты құрылыс базасын құрды және заманауи автомобиль паркін құрды. Сонымен бірге байланыс, энергетика және коммуналдық қызметтерін дамыды. Әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандардың құрылысы қарқынды жүруде. «№6 Кен Басқармасы» ЖШС-ң ұжымы үлкен өндірістік әлеуетке, бірегей технологияларға, қуатты өндірістік базаға, жоғары білікті мамандарға ие бола тура , жоғары сапалы өнім шығарады.

Мұнда мансапты бастаған жүздеген білікті және жоғары білікті мамандар «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының әртүрлі кәсіпорындарында жұмыс атқарады.

Серіктестіктің Кадрлық саясаты кадрлық әлеуетін нығайтуға және ұстап тұруға, ынталандырудың тиімді жүйесін құруға және қызметкерлерді толыққанды дамытуға жағдай жасауға бағытталған.

Біз қызметкерлеріміздің нәтижеге жетуін, командамызда жұмыс істеуге дайындығын және жауапкершілікті сезінуін, еңбекті тиімділік тұрғысынан ынталандыру маңыздылығын бағалаймыз.

Бос әкімшілік, әкімшілік лауазымдары және жұмысшы мамандықтары бойынша «№6 Кен Басқармасы» ЖШС-де жұмысқа орналастыру кандидаттарды конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асырады.

1. Қызметкерлерді іздеу кезінде әртүрлі байланыс арналарын қолданамыз

  • • Серіктестік  веб-сайтында жарнама орналастырамыз
  • • Жұмыспен қамту орталығына хабарласамыз
  • • Біз үнемі қабылдайтын деректер базасында резюме іздейміз

2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан түйіндеме қабылдау

Бос орын жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде түйіндемелерді қабылдаймыз.

3. Таңдалған кандидаттардың кәсіби білімін тексеру

4. Конкурстық комиссияның таңдауы

Кандидаттарды Қауымдастықтың HR-директорынен сұхбатынан өту.

Конкурстық комиссия тестілеу нәтижелерін және құрылымдық бөлімшенің бастығымен сұхбатты ескере отырып, үміткерді бағалайды, содан кейін кандидаттарды ұсыну туралы хаттама жасалынады.

5. Шешім қабылдауы

Серіктестіктің Бас директорының іріктеуден сәтті өткен кандидатты жұмысқа тұруы туралы шешім қабылдауы.

6. Еңбек қатынастарын орындау

  • Еңбек шартын жасасу және еңбек тәртібін жариялау